01.08.2022
  99


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖАСЫЛ ТАЛ

Қарасам, сені көзге елестетем,
Жасыл тал сенің бейнең емес пе екен?!
Болмаса тілдесуді білмейтіні,
Тал бойы сен сияқты келісті екен.
Өседі ол, биіктейді, аспандайды,
Дауыл да, аңызақ та жасқамайды.
Көктеммен мәңгі жас боп қалу үшін
Жап-жасыл күлпарасын тастамайды.
Мені ешкім дәл өзіңдей сүйе алмаған,
Сен едің «Ғашықпын» деп жыр арнаған.
Бейнеңді өрімталдай еске салып,
Мүлгіген мұңға батып тұр айналам





Пікір жазу