01.08.2022
96
ШУАҚҚА ТОЛЫП ЖАНАРЫҢ
Шуаққа толып жанарың,
Жарқырап неге қарадың?
Айырық жолдар алыстап,
Арманда кетіп барамын.
Көзіңнің жарқыл шуағы
Жылуын сеуіп тұр әлі.
Кеудемде жатыр күмбірлеп,
Сезімнің ақ сел бұлағы.
Бақытын ойлап басқаның,
Аяулым, сені жасқадым.
Өмірдің жазын, көктемін
Күрсініп артқа тастадым.
Айдынға жайған құшағын
Аққуға жалғыз ұсадым.
Жаныңды жүрсін әлдилеп,
Арнаған саған осы әнім.