01.08.2022
127
ЖАЛҒЫЗ АҚҚУ
Таба алмай жүрмін, алаңдап жүрмін,
Адасып, алыс аралда жүрмін.
Құлазып жаным, тоңазып бойым,
Өшкен оттарды жаға алмай жүрмін.
Жүдейді көңіл, күндер өтпейді,
Елестер мені төңіректейді.
Өмірдің ешбір мәні қалмады
Алыс сапарға өзің кеткелі.
Жалғыз аққу жүзіп келеді,
Мұңлы жанарын сүзіп келеді.
Адасқандарды, жыласқандарды
Тағдыр осылай кезіктіреді...