01.08.2022
  120


Автор: Айсырға Қилыбаева

АНАҒА СЫР

Ақ жүзіңнен арайлап,
Таңның нұры тараған.
Сені еске алып отырам,
Қиналғанда, жан анам.
Жанардағы нұр сынып,
Мөлдір жасқа тұншығып;
Қалтыратып бойымды,
Аралайды бір суық.
Жарқылдаған күндерім,
Өтіп кеттің, не дейін?!
Тірлік, мені не етесің,
Болмай қалса керегім?!
Көңілге қаяу бір түссе,
Тазалаудың қиыны-ай!
Аңқауларды алдайтын
Түлкілердің қуын-ай!
Күдерді үзіп күйзеліс,
Ұзартар үміт өмірді.
Тірлікте түрлі өзгеріс
Көтеріп, басар көңілді.
Дүние – шолақ, ой – олақ,
Қазына жерде көмулі.





Пікір жазу