01.08.2022
193
ТАҢ АЛДЫ
Таң алдында бозамық сәуле шашылып,
Күн кірпігі келеді жайлап ашылып.
Дархан дала құшағын жайып аспанға,
Жете алмай қалды көкжиегіне асылып.
Күңгірттеу бақта қарағай басын тербеп тұр,
Мүлгиді маңай,
Кеудемді тылсым кернеп тұр.
Көкірегіме аңқытып тірлік әтірін,
Талшыбық-үміт гүлдеп тұр.
Таң алдында тып-тыныш, бейқам айнала,
Мөп-мөлдір аспан ұқсайды көкшіл айнаға.
Салтанатымен ұйытып барлық дүниені,
Қарайды көкке қабағын керіп паң дала.