01.08.2022
136
ДҮРИЯ-ДӘУРЕН ЕСКІРІП…
Күн қызарып батып кетті,
Күңгірт әлем кешкілік.
Ашық дала тұйықталды,
Дүрия-дәурен ескіріп.
Көк жүзіне қалқып шықты
Түн моншағы сүзіліп.
Тұңғиық бір мұңға батты
Ай сырғасы үзіліп.
Түнгі аспан – сырлы әлем,
Жұмбағы көп жасырған.
Баураған мен жаурағанның
Ұйқыларын қашырған.