01.08.2022
109
ЕСЕДІ САМАЛ
Еседі теңіз жақтан таң самалы,
Бозторғай таңда оянып, ән салады.
Күн жүгіріп келеді құрақ ұшып,
Құшақ жайып дала-ару қарсы алады.
Түнде күнді күткенмен Ай бұралып,
Жете алмай, мұңайып қалғаны анық.
Өмір дейтін – махаббат ғаламшары,
Жерді сүйген күн көзі мәңгі жарық.
Еседі таң самалы теңіз жақтан,
Жағада аққулар жүр сылаң қаққан.
Шағылып күн нұрына көкшіл жанар,
Жарқылдап толқындары күліп жатқан.