01.08.2022
  104


Автор: Айсырға Қилыбаева

ПОЕЗДА

Рельстер көсіліп жатыр жарқырап,
Бойында оның көнбістілік және бар қуат.
Болат жолдармен ауыр составтар жүреді
Арманға толы жүрек пен жүкті артып ап.
Болат жолдармен жетеміз алыс қиырға,
Поезд тұрғанда сапарға шығу қиын ба?!
Жолсерігі күтіп алып, шығарып салып тұрады,
Жайғастырып жаюлы төсек-орынға.
Ат-түйемен атамыз жеткен артынып,
Мойымаған күш-қуаттары сарқылып.
Көздеген жерге жете алмай жүрген – біздерміз,
Әлемді кезіп жүрсек те қазір шарқ ұрып.
Ат ерттеп, түйе қомдағандары – тағлым,
Аталарымыз адаспай тапқан ауылын.
Арам тер төгіп, адал ас ішіп әр күнде,
Ай жарығымен өткізген ойын-сауығын.
Жүйткиді поезд, сартылдап болат табаны,
Түп-түзу жолы, соқпақсыз ашық алаңы.
Ішінде қарын толтырып, ұйықтап кететін,
Әрекеті жоқ адамдар кетіп барады.





Пікір жазу