01.08.2022
  121


Автор: Айсырға Қилыбаева

Бәрі де – арман, дүние – жалған, ол – шындық....

Бәрі де – арман, дүние – жалған, ол – шындық.
Бір жақсылық көре қалсаң, еститінің – мың сұмдық.
Дүниені дөңгелетіп әкеліп,
Екі қақпақ арасына қусырдық.
Өмір – арбау, оңға, солға жұлқыныс,
Бұғалыққа мойын ұсын, мойын ұсынбау – бұлқыныс.
Сан дәуірдің уысында иі қанып иленген,
Бунақ-бунақ таулар жатыр тым-тырыс.
Таулар тірі, бірақ онда өмір жоқ,
Өмірі жоқ болғандықтан қауіп-қатер, өлу жоқ.
Адамдар-ау, өмір – сенің сұрап алған сынағың,
Сондықтан да «Өлем-ау» деп өкінетін жөнің жоқ.
Өмір дейтін – жиынтығы қуаныш пен қайғының,
Молшылық пен қайшылыққа байлаулы тұр тағдырың.
Қиындықтан қашатындар көрден көмек сұрамай,
Күткені жөн құдіретті Жаратқанның жарлығын.
Өлшеулі өмір.
«Аз» да деме, «көп» деме,
Ой-арманға өріс тіле, мақсатыңды шектеме!
«Қалған көңіл – шыққан жан ғой» дегенмен,
Туысыңнан құтылмайсың, мейлі, ұрыс, өкпеле!





Пікір жазу