01.08.2022
  87


Автор: Айсырға Қилыбаева

ҚАЙШЫЛЫҚ

Ағаштан шыққан аршылып,
Жапырақ жатыр жаншылып.
Жаңару менен ескіру –
Дүние толы қайшылық.
Адамның соққан жүрегі,
Тіршілік үні тараған.
Өмірдің әлди бөбегі –
Өмірге келген әр адам.
Адамның беті, шырайы
Ашыла бермес ұдайы.
Ішіңде жатса ит ұлып,
Көрінбес күлкің шынайы.
Ғарыштың алып құшағы
Ғаламаттарды сыйғызған.
Тіршілік – өмір ошағы,
Некесін жермен қиғызған.
Алтын түстес қауырсын
Күн астында қалқыған.
Алып кетер күз желі
Көктем исін аңқыған.
Шалғайда жолдар жосылып,
Ажырап, қайта қосылып,
Зымырап алға жүгірген
Үзілмес арман – қос үміт.





Пікір жазу