meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.08.2022
  171


Автор: Айсырға Қилыбаева

САҚАЛ МЕН МҰРТ

Кім тозды, кімдер озды – біледі жұрт,
Сақалдан жоғарыда тұрады мұрт.
Қайтсе де күштілерге жағу үшін
Қырқысып еншілеспен, үреді қырт.
Алланың сен де – құлы, мен де – құлы,
Әркімнің өзіне аян жүрген жолы.
Наурызда тоң түсіп, сағым ойнап,
Ашады көктем көркін гүлге толы.
Дарытқан табиғатқа даналығын,
Пішті өлшеп Күн мен Жердің аралығын.
Алланың құдіретіне мойынұсынып,
Табыну – адам үшін саналы ұғым.





Пікір жазу