01.08.2022
  97


Автор: Айсырға Қилыбаева

БОЗ СЕЛЕУ

Халықтың тіні – тілінде,
Байлық пен көрік – білімде.
Уланып өлді бір тышқан
Ұрлаған бидай інінде.
Іздейді ауру бақсыны,
Көздейді оқтар жақсыны.
Мақтайды қулар нәндерді,
Ақылы бірақ тапшыны.
Қандасын жүрген «тобыр» деп,
Қазақ боп жүрген шоғыр көп.
Ағаны алып жағадан,
«Алдыма тұрма, жығыл!» деп.
Ағаның белін сындырып,
Сатылған құлға пұл болып.
Түсіне кіріп әзәзіл,
Оянып кетер жын болып.
Халықтан бойын қашырып,
Қайрайды тісін жасырып.
Күштіні сырттай ғайбаттап,
Алдынан шықса бас ұрып.
Желіні сыздап бозінген,
Ботасын иіскеп, исінді.
Боз селеу басқан жотаға
Көз тігіп, ана күрсінді.





Пікір жазу