01.08.2022
119
ОБЫР
Обыр келіп, опырды,
Төрге шашып қоқырды.
Арыстанның тағына
Түлкі келіп отырды.
Бас бұйданы алғасын,
Асырды ол айласын.
Азық болдық түлкіге,
Арыстандар, қайдасың?!
Үркітбайдың мұрты өсті,
Ширатуға жарады.
Жұрынбайдың ұрты өсті,
Төмен түсті қабағы.
Бөлекбайдың қарыны
Шалбарына сыймайды.
Жарқынбай мен Ақылбай
Іс таппай жүр ыңғайлы.
Күндеріміз шуақты,
Қоғамымыз қуатты.
Күн-патшаны тағынан
Үр-патшасы құлатты.