01.08.2022
  103


Автор: Айсырға Қилыбаева

Әлемді жаулап ептілік...

Әлемді жаулап ептілік,
Барады үркіп тектілік.
Тосқанға асқан ғасырда
Үміттен гөрі көп күдік.
Әділет көрге жұтылып,
Жаназа жатыр оқылып.
Бұрымын қырқып қыз бала,
Жат дінге кірді шоқынып.
Беттерін бүркеп, буынып,
Қыздарым кетті шұбырып.
Танымады ұлдар әкесін,
Сақалды болып туылып.





Пікір жазу