01.08.2022
  95


Автор: Айсырға Қилыбаева

Теректі

Теректі.
Осы ауыл ыстық қандай!
Иіскеп, бәйшешегін құштық талай.
Есепсіз төбелесіп, татуласқан
Мазасыз бала күнгі достықтар-ай!
Кеңдікті сенен дархан таба алмадым,
Өзіңе алыс жүрсем, алаңдадым.
Көрінер түкпірінен үңілгенде,
Шуақ күн – менің ыстық, бал арманым.
Теректі.
Қойылды екен атың қалай?
Тостаған-құм жиектеп жатырғандай.
Сидиып қоянсүйек көрінеді –
Өз аулын қорғап тұрған батырлардай...





Пікір жазу