01.08.2022
  118


Автор: Айсырға Қилыбаева

ШАҚЫРУ

Теңіз тулап жатқанда,
Жартас ойға батқанда;
Шағалалар шаңқылдап,
Аққу қанат қақанда;
Аспан моншақ таққанда,
Аппақ таңдар атқанда;
Жасыл желек желбіреп,
Талдар үкі таққанда;
Құстар келіп бақтарға,
Ән төгіліп жатқанда;
Бір серпіліп қаласың –
Келіп кетші Ақтауға!





Пікір жазу