29.07.2022
86
Санамды салып сары уайымға
Санамды салып сары уайымға,
жатқанша күндi санап мен,
iшкiлiкке әбден салынайын ба,
тарқатып шердi шараппен?!.
Қаймана қазақ,
досты да құшып:
“Оқиыншы,– деп,– бiр өлең”,–
дұшпаныммен де төстi қағысып,
беймарал шайқап жүрер ем.
Сағыныш пенен үмiт әлемiн
жалғанда кiм бар түсiнген?
Сенi де сәтке ұмытар едiм
сарсаңға менi түсiрген…
…Сенi ұмытқанша,
өлмеймiн бе мен?
Күдерiмдi үзбен, әрине!
Жамалыңды, еркем, көрмеймiн деген
күнi МЕН ЖОҚПЫН ПӘНИДЕ!.