26.07.2022
335
БЕКЕТ-АТА РУХЫНА
Бекет-Ата! Қасиетті бір есім!
Қайда барсам жанымда сен жүресің.
Жоқ деп сені айта алмаймын ешқашан,
Жүрегім мен санамда өмір сүресің.
Не көрмес жан дәм-несібе бұйырса?!
Бұл өмірде қысып талай қиын шақ–
Қасірет бұлты торлап алған кездерде,
Күнім шықты тек өзіңе сиынсам.
Сол ақиқат – жанып-жанып сөнесің,
Сондықтан да бір құдіретке сенесің.
Бұл пәниде тірегім боп, уа, бабам,
Қамқорым боп жөн сілтеумен келесің.
Жүрегімнің жалынымен жазамын,
Рухыңа таза тілек – таза мұң.
Аруағыңды ардақтайды Адайың,
Қасиетіңді қадірлейді қазағың.
Бір өзіңе бас иетін көбейді ел,
Жаным жүдеп, жабырқасам, жебей гөр.
Тайғақ кешу, тар жерлерде, уа, бабам,
Жар бола гөр, қолтығымнан демей гөр.