26.07.2022
  200


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Табиғат кесіп, пішкен өзі біліп...

Табиғат кесіп, пішкен өзі біліп,
Кейі жөн, кей кездегі сөзі бүлік.
Бұлбұлды тыңдаудан жан жалығар ма,
Қарға үні бітірмей ме мезі қылып?!
Тірлікті ала-құла еге берген,
Қарқылды тыңдағаннан не көгерген?!
Бұлбұлға болмашы жас сыйлап қана,
Қарғаға сонша ғұмыр неге берген?!





Пікір жазу