26.07.2022
93
ӘЗИЗ АТА ТІЛЕГІ
Жер - ана құлпырды,
Бейне бір сұлудың жас шағы.
Ән шалқып мың түрлі,
Нұрланды аспаным.
О, ағайын,
Адамның сан ұлы, сан қызы,
Көрінсін еңбекпен айбыны.
Жетеді дүние дәм-тұзы – байлығы,
Аласта арадан қайғыны.
Атама соғысты – дүлейді,
Тірі жан тыныштық тілейді.
Туған жер аспаны астында
Ісі бар кәрінің, жастың да.
Ұл-қызым трактор айдасын,
Жастық шақ қиынды жайғасын.
Жондарға сүңгітсін бұрғыны,
Болсын Ай, Марстың тұрғыны.
Ал, менің достарым, құрдасым,
Бұл бейбіт өмірді жырласын.