26.07.2022
  147


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

О, АДАМДАР, БЕКЕМ БОЛ

Құбылма бет
Түлкі көзді месқарын
Келе жатқан қай сұрқия талтақтап?
Ине жұтқан иттей болған қасында
Мысықтабан жандайшаптар, жалдаптар.
Айналаға жанталаса жалтақтап,
Дүниенің өзегіне өрт тастап,
Қалмақ олар жан сақтап.
Шойын оқтың жарықшағы секілді
Қаңқу сөздер қаңғып келіп тиеді.
Пасықтардың пиғылы мен ниетінен
Шымырлайды жүрегім, сырқырайды сүйегім.
Касқыр болып,
Түлкі болып,
Ит болып,
Ұлып, үріп, жер соқтырып кетем деп
Жүргендер бар,
О, адамдар, бекем бол!





Пікір жазу