МАХАББАТ
Махаббат десе үйлену деп шала үғып,
Жәйт қой деп таныс кетеді көп жұрт жабығып.
Махаббат, сірә, бал ма екен көп жеп, жерінетін,
Пернесін басып дәуірдің, келеді шарлап жер бетін.
Махаббат деген қосыла салу ма екен тек,
Айрылысу ма екен отасып он күн секеңдеп?
Махаббат деген – кіршіксіз көңіл шынайы.
Махаббат– сенің айнымас абзал жұбайың,
Махаббат – өмір, тірліктің мәні, құдайы.
Махаббат – азаматтардың елге арнаған жұмысы,
Махаббат – әзиз ананың перзентке деген тынысы.
Махаббат – батырлардың жалын атқан жүрегі,
Махаббат – адам ұлының тірлікке іңкәр тілегі.
Қорғасын бұлттар, қара нөсерлерге көнбеген
Махаббат, сірә, жанар тау болар сөнбеген.
Махаббат – жүрек халқыңның туған от алған,
Махаббат – арың берілген шексіз Отанға
Жүргенде адам достыққа өлі қаталап,
Әлемді тегіс ораса, шіркін, махаббат!