26.07.2022
90
САҚТАУ КЕРЕК
Қылпылдатып қайрағандай қылышты,
Жігіттің де жаныр болар жігерін.
Тек қана бір тындырарда ірі істі
Томағасын сыпырып сәл жіберің.
Алдаспандай болса-дағы арының,
Қара тасқа шақ-шақ ұрсаң жасисың.
Жігіттіңде сақтау керек жалынын,
Асқар шыңдар десең оған бас исін.
Туған жер, сенің өзіңде көктеп, түлесек,
Тебіренбей текке жүре аламыз ба сүлесоқ?!
Өмірде былқ-сылқ, сезімнен ада жүру тек,
Тірлікке емес, өзіңе ғана күлу тек.