26.07.2022
  108


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ХИРОКО ОГУ

Ашқанда өлім аранын
Қалдырмасқа бір жан, бір гүл, бір шыбық,
Хиросима, Нагасаки күңіренгенде күрсініп,
От боп балқып,
Дүние мөңкіп,
Қара жердің қабырғасы қақырағанда,
Хироко Огу -
От ішінде бүршік атқан тіршілік.
Хироко Огу -
Қара тасты қақ айыра,
Күн нұрына құлшына өскен бір шынар.
Демі - жалын,
Дауыл — арын
Алапатқа көнбеген.
Өршеленген маздап жанған бір алау,
Қара түнде
Қара селге сөнбеген.
Хироко Огу —
Қара ойға қарғыс атқан күллі адамның реңі,
Хиросима, Нагасаки жандарының сөнбей қалған жүрегі.
Ажал мүлде басынғанда,
Арсыздығын асырғанда,
Өлмес, өшпес құдіретін әйгілеген ірі өмір





Пікір жазу