26.07.2022
  124


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Пай-пай, шіркін, көкшіл теңіз айдының!

Пай-пай, шіркін, көкшіл теңіз айдының!
Ақ қанатын жағалауға жайды күн.
Теңіз, ауа, жанға дауа күн нұры,
Табиғаттың неткен ғажап байлығы!
Таулар жатыр биік тастап еңсені,
Жол сайрайды мында кел деп белсеніп.
Кипаристер сұлулардай сыланып,
Сәл-сәл ғана сыбдырлайды теңселіп.
Қайда барсам кұшақ жайған дүние,
Қайда жүрсем аңсармын-ау мен сені!





Пікір жазу