26.07.2022
105
Көктемеде жыл құсымен достастым...
Көктемеде жыл құсымен достастым,
Қарашада қайтқан қазбен қоштастым,
Қауышарда, қалысарда, дариға-ай,
Көңілімді шайқап өтті-ау көп тасқын.
Келерінде қуанышқа кенеліп,
Жөнерінде қимасаққа көнелік.
Заңы екен ғой осынау шолақ өмірдің,
Бірі гүлдеп, бірі жатар көнеріп.