26.07.2022
  142


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

БАТЫР БАБА ЗИРАТЫНДАҒЫ КӨНЕ ЖАЗУЛАР

Ащы да екен, тәтті де екен өмірің,
Уақыт жетті. Жалтара алмай жеңілдім.
Алабұртқан ақ жүрекпен арындап,
Сұм өмірде шашылдым да, төгілдім.
Жауым біткен өсек отын маздатты,
Көңілімнің көзіне әкеп саз жақты.
Жанашырым дегендерім жүрекке,
Қара қанжар былғап ала жаздапты.
Шаттығымды қас надандық таласа-ақ,
Жанымды жер, жүрегіме жара сап.
Ак сағымдай арман болып өттің-ау,
Гүл жара алмай, әділет пен парасат!





Пікір жазу