26.07.2022
206
ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ ТОЛҒАНЫСЫ
Кей толқының тәлкек етіп қысылдым,
Алыс тартты алаулаған арманым.
Өмір, маған қай сыйыңды ұсындың?
Тағдыр, маған қай жолыңды арнадың?
Ақ көңілімді айқара ашқан жан едім,
Өтермісің күзгі бұлттай жылатып?
Сахарада самғап жүрген ән едім,
Кетермісің түңғиыққа кұлатып?
Не сыйласаң тағдыр саған көнем бе?
Көңілім жамау-жасқау болып өлем бе?
Әлде мынау от жүректі лаулатып,
Айналам ба тасқынды күй, өлеңге?