26.07.2022
  106


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

БӘЗ БАЯҒЫ БАҒАСЫ

Бола алмадым дейді ол,
Тола алмадым дейді ол.
Тұғырыма қыран боп,
Қона алмадым дейді ол.
Бойда жоқты
Ойда жоқты табам деп,
Менің артық
өзгелерден бағам деп,
Арғымақтар шапқан жерді
Шабам деп,
Қырандайын
мен де көктен ағам деп,
Жанталасып ұмтылады ілгері,
Алға, артқа сүйреп өмір күндері.
Аға тауып, бір тұтқадан ұстайды,
Ар да бітіп, кісілік те таусылып,
Қалады тек сүлдері.
Болса лайық кім күстәна етеді,
Күстәна етіп не етеді?!
Жұрт көңілінде бәз баяғы бағасы,
Абыройының ырым-жырым етегі.
Ол биіктен сызданады дүр қарап,
Қашан құзға кеткенінше сырғанап.
Жұртым бірақ жұмыла ақымақ болған жоқ,
Әркімді де таразылай тұр қарап.





Пікір жазу