26.07.2022
  128


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

МҰХТАР МУЗЕЙІНДЕ

Арма, аяулы, қасиетті босаға,
Асыл аға ойханасы-ау осы ара.
Саңлақ ұстаз тебіреніспен түлеген
"О, пәлі", деп алдан шығар болса, ә!
Қанат байлап сұңғыла арман, қиялдан,
Тасқын ойдан құдіретті сөз құя алған.
Дүниені дүбірлеткен дүр дарын,
Қалайша осы бір бөлмеге сия алған?!
Маң даламдай маңғаз жатыр келбетің,
Еміренген көрсең, Мұқа, ел ниетін.
Туған елің ту ғып ұстап атыңды,
Талантымен тамсандырды жер бетін.





Пікір жазу