26.07.2022
668

МАҒЖАННЫҢ МОНОЛОГЫ
Білесің бе арбаның дөңгелегін?
Дөңгелектей өмірде дөңгеледім.
Қақсып барып шашылып қалғаннан да
Қағылуды қазық боп жөн көремін.
Туған жерге қазық боп қағылам ба?
Бұйырған ба о дағы бағы барға?
Қазық болып, тін-тін боп тозған кезде
Жан қармаған біреуге табылам ба?
Жаурағанда жылытар шөпшек болып,
Бір жарқ етіп, дариға-ай, жағылам ба?
Сол маздаған қас-қағым сәттерімде
Қызығыңды, өмір-ай, сағынам ба?
Өліп-өшіп мен сорлы аңсармын-ау
Ал туған ел перзентін сағынар ма?