26.07.2022
122
ҰЛЫ АРМАН
Самай шашқа қонып алды бозқырау –
Оңып барам жыл сайын,
Өмірім де азаяды күн сайын,
Келешекпен бір тілдесіп қалсам деп,
Мігірсіз ой, сонша қайрат жұмсаймын.
Жақсылармен жаным кеңіп кездессем,
Сұм, қулардан жиіркеніп, құрсаймын.
Жұмыр жер де жүректейін тулайды,
Атыс-шабыс пәле көріп күн сайын.
Тек қарабас қамын ойлау жөн емес,
Бүкіл дүние аман болсын мен емес,
Күресемін күн орнынан шықса деп,
Өз орнынан туып күнде тұрса айым!