26.07.2022
117
АСПАНЫҢДА АҚҚУ БОЛЫП
Мен едім сені аңсаған бір түлегің,
Туған ел, тағдырыңа нұр тіледім.
Жаныңды жадыратып жүрсінші деп,
Ән болып, күйің болып дүркіредім.
Далаңның дидарына аптап соқса,
Келеді ақ жаңбыр боп сіркірегім.
Бір жаман тіл тигізсе топырағына,
Сұңқардай сатыр-сұтыр сілкінемін,
Көңілімде астан-кестен дауыл тұрып,
Теңіздей көк толқынды күркіредім,
Бір сен деп көп өтіпті талай саңлақ,
Мен де бір саған арнап жыр тіледім.
Сар желіп айлық жерді алмасам да,
Құланның шөлде жортқан бүлкілі едім.
Айналып аспанында аққу болып,
Қызғыштай ақ періште жүр тілегім.