26.07.2022
342
ҚАРАҚАТ КӨЗ, БОЙЫ СҰҢҒАҚ
Қарақат көз, бойы сұңғақ,
Неткен ғажап түр мен сымбат!
Сұлулығың саған кымбат,
Сұлулығың маған кымбат!
Жүрегіңді жүрмін тыңдап,
Сыр тартасың сен шыжымдап.
Қарағанмен сен жымыңдап,
Тарихың маған жұмбақ.
Жанды өртеді от жанарың,
Жүрсем дағы не етейін деп.
Сезім, сені талақ етіп,
Оттан безіп өтейін бе?
Не де болса сол жалынға
Әлде жанып кетейін бе?