26.07.2022
  152


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Жауқазын гүл жасыл қырда бүр ашқан...

Жауқазын гүл жасыл қырда бүр ашқан,
Білдірер ме сезімді?
Жібек самал дүние шарлап, қыр асқан,
Жеткізер ме сөзімді?
Алтын күнді мөлдіреген нұр аспан,
Өзімдей боп сүйер ме екен өзіңді?
Жоқ, жоқ самал жеткізе алмас сөзімді,
Жоқ, жоқ, гүлдер білдіре алмас сезімді,
Жүрдек поезд, тоқтамашы, зырлашы,
Сол сәулеме жеткізші тек өзімді.





Пікір жазу