26.07.2022
  120


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Аруы қарағайлы қарлы таудың...

Аруы қарағайлы қарлы таудың,
Мен жүрмін жайлауында Атыраудың.
Көріспей айлар өтті, аңсадым ғой,
Астыңда алпыс қырдың жатыр аулың.
Нұрланттың алтын күндей әлемімді,
Сайраттың көңілімде әдемі үнді.
Бір хатқа сағынышым сияр емес,
Ақша бұлт, ала кетші сәлемімді.





Пікір жазу