meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  26.07.2022
  164


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Айлар аунап, жыл өтсе де...

Айлар аунап, жыл өтсе де,
Әр кез жарқын жүзді едің ғой.
Салқын сөзің жүдетсе де,
Күдерімді үзбедім ғой.
Жас жанымды жабырқау жеп,
Жүрген кезде елемеп ең.
Алданып кеп, адасып кеп,
Еңді маған не демек ең?





Пікір жазу