26.07.2022
111
КӨРМЕСКЕ ЕНДІ ҚИЯ АЛМАЙ
Тынды, бітті бір өмір,
Жасып қалды мың көңіл.
Тартты солғын реңім,
Жүз тілінді жүрегім.
Алыстан мен адаспай,
Асқарым деп келер ем.
Арманға ажал санаспай,
Кетті-ау, қатал не деген?!
Адамды еткен ағайын,
Ізгілікке әке еді.
Өркеніңді, қара жер,
Тұрмыз қайта әкеліп.
Солғын тартпас өз басың,
Боласың-ау қиялдай.
Нөсерлейді көз жасы,
Көрмеске енді қия алмай.