26.07.2022
  111


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Дүркіреп кетті-ау бұл дала...

Дүркіреп кетті-ау бұл дала,
Күркіреп аспан тұлдана.
Не болып кетті табиғат,
Қап-қазір бей-жай тұрған, ә?
Нажағай бұлтты тілгілеп,
Көктен бір нөсер құйды лек.
Ойпырым-ай, тасқын тепсінді,
Елік боп бітті-ау бұл жүрек.
Табиғат неге қас қылған?
Өзені таудың асқынған.
Жөңкіді көшкін, сел құлап,
Кім өтер енді тасқыннан?!
Арғы күн, кеше, бүгін де,
Қойнына түннің үңілген,
Отыр ма екен жан анам,
Ақ тілеп шамның түбінде.





Пікір жазу