26.07.2022
  131


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Япырым-ай, жау ма, әлде жанашыр ма?

Япырым-ай, жау ма, әлде жанашыр ма?
Бір от бар қара көздің қарасыңда.
Жалт еткен жанарының оғы тиіп,
Құладым махаббаттың даласында.
Жанары жанарыма ауып тұрып,
Көздеуін дәл жүректен тауып тұрып.
Жазылмас жаралы етіп кетсе де еркі,
Құдірет алса да өзі сауықтырып.





Пікір жазу