26.07.2022
  140


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ҚҰШАҚ ЖАЙЫП ҚАРСЫ АЛДЫМНАН

Толқынында сезім деген ағынның,
Сенің аппақ жүрегіңді сағындым.
Жалғыздықты сезбесін деп өмірде,
Құшақ жайып қарсы алдымнан табылдың.
Сен өмірде ағалыққа жарадың,
Мені мерей, абырой тұта қарадың.
Мен де сенің көңіліңе қылау түсірмей,
Ақ алмастай ағам бар деп санадым.
Әзілдессек балдыз, жезде назындай,
Өтсе ғүмыр құшағымыз жазылмай,
Сағынысып, қуанышпен қауышсақ,
Қаңқылдасып туған жердің қазындай.





Пікір жазу