26.07.2022
  117


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

БОЗ БОТА

Боз адыр, боз жусанды боз далада,
Боз бота безілдетіп боздайды екен.
Сұлудың сыңсуындай мұңды дауыс,
Ойыңды астан-кестен қозғайды екен.
Санаңда сан қилы ойлар бас көтеріп,
Көңіліңде көп оқиға қоздайды екен.
Жастык шақ, Кұмның бойы, туған ауыл,
Арман боп артта қалған алыс жылдар,
Суреті жүрегіңде тозбайды екен.





Пікір жазу