26.07.2022
  97


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ЖЕЛ

Жел, жел, жел!!!
Жаным, коңыр жел,
Сені еске алсам көзіме
Елестейді бағзы ел.
Ел, Ел, Ел!!!
Мен сені әбден сағындым,
Кел, кел, кел!!!
Ұлан дала төсінде
Сайран салып жүрсің-ау!
Сен бір жатқан хикая,
Сен бір жатқан жырсың-ау!
Шаршамайсың, тынбайсың,
Сен танбайсың шабыстан.
Туған жерде өзіңмен
Бала кезде табысқам.
Жетер едім өзіңе,
Құлақ салып сөзіңе,
Қарар едім көзіңе,
Арыла алмай келемін,
Мынау дерттен жабысқан.
Мен шаһардан қашайын,
Тек өзіңе жетейін,
Кең далаға асайын.
Демеймін жүз жасайық,
Жушы барлық ағзамды,
Бір жадырап тасайын!
Келші, қайран, қоңыр жел,
Көкірегімді ашайын!





Пікір жазу