26.07.2022
  116


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

Толқын кешкен теңізші емен белшемнен....

Толқын кешкен теңізші емен белшемнен,
Тау ұлы емен бұлтпен ойнап, теңселген.
Сахарада самғап өскен жан едім,
Асаулардың құлағында ойнап белсенген.
Жазираны аңсап кейде кеткенде,
Кең далаға жөнелемін көкпеңбек.
Сәйгүлікке қонамын да, ұшамын,
Аққу қанат арманыма жетсем деп.
Толқып, лаулап көз салайын бар маңға,
Сенен артық жер бар ма екен жалғанда?!
Сен тұрғанда, о, туған жер, тынысым,
Өкшелеп-ақ қаламын-ау арманға!





Пікір жазу