26.07.2022
  99


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ШАБЫНДЫҚТА

Туырлықтай тұтасқан,
Көрдім жердің семізін.
Жұпар иіс жусанның,
Бидайықтың теңізін.
Сыбдыр-сыбдыр қаракөк,
Кеуде керсе бал құрақ.
Сұлатып сап барады,
Шөп машина шалғылап.
Бір бота көз жинап жүр,
Қатар салып тырмасын.
Трактордың үнімен
Күйге бөлеп қыр басын.
Қыздар менен жігіттер,
Үйген сайын маяны,
Кең аспанның көгінде
Әндер қанат жаяды.
Құлпырады боз, көде,
Ырғалады қалың ну.
Пішенші ауыл үстінде
Желбірейді жалын ту.





Пікір жазу