26.07.2022
139
ӨЗЕН
Екі сай Өзен, Талақ қапталдасқан,
Аңғарын әжім-әжім қатпар басқан.
Ертеде теңіз болған жер деседі,
Шертеді ол туралы қарттар дастан.
Сан ғасыр шақырайған күн қақтаған,
Боз құйын, долы дауыл құңдақтаған.
Өртеніп от-өзегі, тұтап тандыр,
Жатыпты бебеу желді тыңдап далам.
Сұп-сұр боп кигендейін көңді көйлек,
Келіпті кенін ашар күнді өгейлеп.
Жан беріп жүрегіне қаһармандар,
Сол дала емірене кетті сөйлеп.
Өзегін Өзенімнің солқылдатып,
Кен атты кернейлетіп, толқындатып.
Мұнайдың өрге өрледі өр өзені,
Жонынан жұмыр жердің толқып атып.
Қарайды сол даладан бағым күліп,
Кеудеде қуаныштан ағын жүріп.
Катыгез қақсыған қыр деген жонды,
Барады каһармандар табындырып.