26.07.2022
151
БОРАН МЕН ШОПАН
Ақ кірпік қыс кеп сақылдап,
Өлкеге салды тақымды.
Ауылға Боран жақындап,
Ышқына келіп ақырды.
Қыңсылап Боран үреді,
Ұлиды ауыл сыртында.
Кекетіп Шопан күледі,
Мұз шашақ бар мұртында.