26.07.2022
120
ТОЛҚЫН
Көк алалы толқындар ирек-ирек,
Жас баладай жарысып, жағаласып.
Бара жатқан секілді жұлқып, сүйреп,
Бір-бірінен бір нәрсе ала қашып.
Жөңкілгенде толқынның миллион көші
Құдіретті мың күйдің ырғағындай.
Бас дирижер - табиғат, жел - көмекші
Қиялына адамның тұр бағынбай.
Теңіз-муза бұрқаған буып дарын,
Алау атқан ақ жалын қуып қанын.
Талант біткен теңіз кеп тебіренеді,
Толқынының берсе деп суыртпағын.