26.07.2022
  80


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

САҒЫНАМЫН

Бір емен жапырағын жайып болып,
Маңына өркен жайып, байып болып.
Кешегі тұрған жерден жып-жылас боп,
Кетті екен қайда-қайда ғайып болып?
Десем де құр жабығып неғыламын,
Тоқтамай көңіл деген ағын-арын.
Өшпеген жүрегімде өзіңді іздеп,
Жан әке, әр кез аңсап сағынамын.





Пікір жазу