26.07.2022
  100


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

БАЛЫҚШЫ АНАНЫҢ БЕСІК ЖЫРЫ

Әкең сенің балықшы,
Теңізде ескен телегей.
Талай олжа алыпты,
Өр дауылды елемей.
Толқындарда бұрқаған,
Сен де өсерсің шынығып.
Әлдилейін шырқап ән,
Алшы әзірге тынығып.
Ұялайды көңілге,
Жақсы үміт, жақсы арман.
Болсын жаның теңіздей,
Елге барын ақтарған.
Өмірімнің жалғасы,
Көрмесін мұң жас жаның.
Еш кіреуке шалмасын,
Туған елдің аспанын.
Толқынымен теңіздің
Тербетемін, өбемін.
Жаңа ғана еміздім,
Ұйықтай қойшы, бөбегім!





Пікір жазу